Республикалық «Қыс-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығу

Республикалық «Қыс-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығу

 

Ағымдағы жылғы 24 қараша күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Сапарұлы Өтегенов оқу-жаттығуға арнайы келген Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовті облыстың қорғаныс саласы, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері, жедел ден қою жасақтарының қысқы мерзімге дайындығы, сонымен қатар олардың құралдармен, жабдықтармен, техникамен жабдықталуы туралы баяндап берді.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға дайындығын жетілдіру мақсатында ағымдағы жылғы 24-25 қараша аралығында облыс аумағында «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде.

Жаттығудың республикалық штабы Қостанай қаласында орналасты.

Жаттығудың мақсаты – облыстық азаматтық қорғау жүйесінің төтенше жағдайларға ден қою дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес азаматтық қорғаудың облыстық кіші жүйесін «күнделікті қызмет» режимінен «жоғары дайындық» және «төтенше жағдай» режимдеріне көшіру мәселелері пысықталатын болады.

Бүгін бірінші «Дабыл-1001» сигналының түсуіне байланысты, облыстық шұғыл әрекет ету жасағының дайындығы тексерілуде. Тексеурге 32 бірлік техника және 143 адам сапқа тұрғызылды.

Екі күн ішінде тіршілік қамтамасыз ету нысандары мен жол қызметтерінің дайындығын тексеру мақсатында азаматтық қорғау қызметтерінің түрлі сипаттағы төтенше жағдайларға тәжірибе түрінде әрекет етулері пысықталатын болады.

Жалпы жаттығу барысында 54 кіріспе пысықталып, оның ішінде 28 кіріспе тәжірибе жүзінде іске асырылатын болады.

Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша азаматтық қорғаудың олбыстық жүйесінің қысқы кезеңге дайындығына тиісті баға берілетін болады.

Бүгінгі күні облыс бойынша қысқы мерзімдегі төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын күш-құралдардың саны 2031 адам, 671 бірлік техниканы құрайды (БҚО ТЖД – 278 адам, 102 бірлік техника).

Департаменттің өтімділігі жоғары 92 бірлік техникасы қысқы кезеңде пайдалануға дайындалып, автомобиль жолдарының қар басу қаупі бар бөліктеріне бекітілді.