Күш құрылымдары психологтарының ынтымақтастығы

Күш құрылымдары психологтарының ынтымақтастығы

Күш құрылымдары психологтарының ынтымақтастығы

2022 жылдың 23 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинарға Батыс Қазақстан облысы күш құрылымдарының өкілдері мен  психологтары қатысты. Тәжірибе алмасу шеңберінде БҚО ТЖД бас маман-психологы азаматтық қорғау майоры А.Махимованың «Террорист – өз-өзіне қол жұмсаушылардың мінез-құлық психологиясы» тақырыбындағы  баяндамасы тыңдалып, «Террористтер өз-өзін неге өлтіреді» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

Іс-шара барысында халықты қорғауға байланысты психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы, практикалық әдіс-тәсілдердің қолданылуы бойынша пікір алмасты.

 

         БҚО ТЖД психологиялық қызмет тобы