Рейдтік іс-шара өткізілді

Рейдтік іс-шара өткізілді

2022 жылғы 23 қыркүйекте жылу беру кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «2-й рабочий» тұрғын үй аумағында Орал қаласы ТЖБ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері, газ техникалық инспекциясы, «Ақжайық жастары» еріктілерімен бірлесіп, рейдтік іс-шара өткізді. ТЖД қызметкерлері «ТДК-42» телеарнасымен баспасөз турын ұйымдастырды.

Рейд барысында 1186 адамды қамтитын 527 үйді аралады. Тұрғындармен пешпен жылытуды пайдалану, электр қыздырғыш және газ аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар жүргізілді, қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша жадынамалар табыс етілді.

Жеке сектор тұрғындарымен профилактикалық рейдтер жылыту маусымы аяқталғанға дейін жүргізілетін болады.

 

БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы