Электр құралдарын пайдалану ережелері

Электр құралдарын пайдалану ережелері

Электр құралдарын пайдалану ережелері

 

Электр желісінен өрттің пайда болуының басты себебі қысқа тұйықталу, желінің шамадан тыс жүктелуі. Бұл жағдайлар болмас үшін электрөткізгішті ақаусыз күйде ұстап, ал қысқа тұйықталу және желінің артық жүктемесі (бір мезгілде бірнеше электр құрылғысын бірден қосу) кезінде жануға жол бермес үшін бөліп таратқыш қалқанда зауытта жасалған калибрленген сақтандырғыштар әрдайым болуы қажет. Егер электр желісіне «Жучок» жуан сымынан жасалған сақтандырғышты қоссаңыз, ол қысқа тұйықталу кезінде балқымайды. Сәйкесінше, «қорғаныс» жұмыс істемейді, ал желіде ток қалады.

Бұл жағдайда сымдар балқуға дейін қызады, оқшаулауғыш (қабық) тұтанып, ұшқындар мен от айналасындағы жанғыш заттарға өтіп, өрт туындайды.

Сондықтан, әр уақытта зауыттан шығарылған сақтандырғыштарды ғана қолдану қажет. Қысқа тұйықталу электрөткізгіште де болуы мүмкін. Сол үшін де ол ақаусыз күйде қолданылуы керек.

Өрт электр шамынан да туындауы мүмкін, себебі вольфрамның талшықтары қызған кезде көп жылу шығарады. Мұндай жағдай болмас үшін, электр шамдары қағаз бен матадан жасалған бұйымдарға жанаспауы тиіс.

Өрт көбінесе зауыттан шығарылған және ақаусыз болатын тұрмыстық электр құралдарынан да туындап жатады. Егер электр желісіне бір мезгілде осындай құралдардың бірнешеуін іске қосса, онда бұл электрөткізгіштердің артық жүктелуі мен қатты қызуын туындатады. Оқшаулағыш (қабық) тұтанып, от өткізгіш бойымен түрлі заттарға таралады.

Өрт электрлік қыздырғыш құралын (үтікті, шәйнекті, жылытқыш құралды және б.) дұрыс қолданбағаннан да болуы мүмкін. Сондықтан желіге қосылған құрылғыны қараусыз қалдыруға немесе оларды қадағалауды балаларға тапсыруға қатаң тыйым салынады. Құралды жанулы күйдегі заттарға қоюға болмайды, сондай-ақ, оларды перделерге, ағаш қалқандарға және басқа да оңай жанғыш заттарға жақын жерде қосуға болмайды.

Есіңізде сақтаңыз! Өрт немесе төтенше жағдайы туындаған кезде «101» және «112» нөмірлеріне хабрласыңыз.

 

БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы