БҚО Төтенше жағдайлар департаменті, Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Газовик» ЖБС төрағасымен бірлесіп, бақша учаскелерінің меншік иелерінің аулаларын аралап шықты.
Аулаларды аралау барысында бақша учаскелерінің тұрғындарына өрт қауіпті және жылыту кезеңдерінде өрт қауіпсіздігі шаралары мен қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы түсінік жүргізіліп, жадынамалар мен ұсынымдар табыс етілді.
БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы