ЭЛЕКТР ТОГЫ СОҒУДАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БОЛАДЫ?

ЭЛЕКТР ТОГЫ СОҒУДАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БОЛАДЫ?

ЭЛЕКТР ТОГЫ СОҒУДАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БОЛАДЫ?

 

Ата-аналар, алдымен, өз үйінде қауіпсіз тұрмысты ұйымдастырулары қажет.  Оқушылар демалысының алдында розеткалар мен ағытқыштардың жағдайын тексеруді ұмытпаңыздар, электр құралдарының барлығын тексеріңіздер: олар ширатылған, жалаңашталған болмай, орындықтың аяғының астында қалмауы тиіс. Бұзылған тұрмыстық электр құралдарын пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады!

Балаларға электр қауіпсіздігі ережесін еске салып, оларды неге бұзуға болмайтындығын түсіндіру қажет.  Мысалы, салыстыру үшін дәлме-дәл бірнеше сан келтіріңіз: адамның өмірі үшін дымқыл орынжайда және жерде 12 вольт кернеу, құрғақ орынжайда 36 вольт қауіпті, ал электр жеткізу желілерінде ең төмен кернеу 220 вольт, яғни тіпті төменгі класс желілердегі кернеу адам үшін қауіпті шектен бірнеше рет жоғары.

Баламен оқыс жағдайдағы әрекет ету алгоритмін қайталау қажет. Оның ұялы телефоннан жедел қызметтерді шақыру үшін номерін теруді біле ме екендігін тексеріңіздер. Онымен электр тогын жақсы өткізетін ерекше қауіпті заттектер мен заттарды, керісінше электр тогын нашар өткізетін, оқыс оқиғада пайдалы заттектер мен заттарды зерттеңіздер.

           Көшедегі электр қауіпсіздігі ережесі:

           - жақын жерде электр жеткізу желісі өтетін үйлер мен құрылыстардың төбесіне, ағашқа, теміржол вагондарына және басқа объектілерге шығуға болмайды;

           - энергия объектілері: трансформаторлы шағын станциялар және электр жеткізу желілерінің жанында ойын ойнауға болмайды;

           - сымдарға бөгде заттарды тастауға және олардың жанында ұшу аппараттарын, батпырауықтарды және шарларды ұшыруға болмайды;

           - үзілген сымды жерден көтеруге және 10 метрден жақын жақындауға болмайды. Егер сіз қауіпті аймаққа түскен болсаңыз, онда «қаз адыммен» кету қажет: адымдаушы аяқтың өкшесін жерден алмай, басқа аяқтың ұшына тақайды, бұл ретте аяқты жерден және бір-бірінен алшақтап көтермейді; 

         - электр желілік құрылыс аумағына және орынжайларына кіруге, электр қондырғылардың, электр күш беретін орынжайлардың есігін ашуға болмайды!

           - әдемі фотосурет жасау үшін жоғары вольтті электр жеткізу бағандарына шығу аса қауіпті.

           Үйдегі электр қауіпсіздігі ережесі:

           - розеткадағы ашаны сымынан тартпаңыз;

           - бұзылған электр құралдарын қолданбаңыздар;

           - электр құралдарының сымын су қолмен ұстамаңыз;

           - электр қалқандары мен құрамалардың есігін ашпаңыздар.

 

ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫ ТЖБ