Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері!
Жаз - біздің балаларымыз үшін көнілді және абайсыздық кезеңі. Ата-аналар өте мұқият және қырағы болуы керек.
Жазғы демалыста қауіпсіздік ережелерін білу өте маңызды.
Судағы қауіпсіздік!!!
Ересектер мен балалар жүзуге және күнге қызып, таза ауамен демалуға қуанышпен әзір тұрады, сондықтан да, демалғанда өте мұқият болыңыз.
- баланыздың сіздің көмегінсіз, әсіресе, баллон және матрацтарда жүзу құралдарымен жүзуіне жол бермеңіз;
- баланы суға тек жүзу жилетімен немесе қолға киетін құралмен жіберіңіз;
- су айдындарында балалардың ойын ойнауына, бір-бірінен тығылуына және батыруына жол бермеңіз;
- су айдынының белгісіз жерлерінде буйкадан жүзуге және сүңгуге рұқсат бермеңіз;
- баланың суда болу уақытын бақылап, суық тиюді болдырмаңыз;
- күннен күйіп қалуын болдырмау үшін баланың терісін арнайы күннен қорғайтын құралдармен майланыз.
БАЛАЛАР ӨМІРІН САҚТАҢЫЗДАР!!!
МҰҚИЯТ ЖӘНЕ САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!!!
Тасқала ауданы ТЖБ