БҚО-да ТЖ Министрінің медалімен 9-сынып оқушысы батырлығы үшін марапатталды

БҚО-да ТЖ Министрінің медалімен 9-сынып оқушысы  батырлығы үшін марапатталды

БҚО-да ТЖ Министрінің медалімен 9-сынып оқушысы

батырлығы үшін марапатталды

 

2021 жылдың 19 шілдесінде БҚО Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылында адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, батырлығы мен жанқиярлығы үшін 9 сынып оқушысы Орахаев Асылан Нұрланұлы «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды.

2021 жылғы 30 шілдеде БҚО ТЖД бастығының м.у.а. азаматтық қорғау полковнигі Р.Б. Блялов батырды және оның ата-анасынымен кездесіп, ТЖ Министрлігінің медалін табыстады, сондай-ақ көрсеткен ерлігі үшін Департамент жеке құрамынан алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті. Сонымен қатар, ата-анасына ұлын тәрбиелегені үшін алғыс айтып, батырдың өзіне оқуда жетістік пен алдағы өміріне сәттілік тіледі.

 

 БҚО ТЖД Баспасөз қызметі