СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН қалай күресуге болады?

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН қалай күресуге болады?

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН қалай күресуге болады?

 

Ең алдымен, сыбайлас жемқорлық сөз тіркесінің түсінігін ажырату қажет. Бұл сөз тіркесінің көптеген анықтауыш нұсқалары бар. Егер сөздікке жүгінсек, сыбайлас жемқорлық сөз тіркесінің анықтауышы құрамына ұрлық, заңсыз түрде байып кету, пара алу және т.б. сияқты «лауызымды тұлғалардың және саясаткерлердің моральдық ыдырау» сөз тіркесінің мағынасына жақын келеді. «Моральдық ыдыраумен» күрес диірменмен айқасқанмен бірдей, сондықтан заңға сүйену – бұл күресте ең тиімді әрекет болып саналады. Сыбайлас жемқорлық - бұл қызметтік жағдайды теріс пайдалану немесе жеке тұлғаның өзінің пайдасы үшін қоғамның және мемлекеттің заңды мүдделеріне қарсы өзінің лауазымдық өкілеттігін заңсыз пайдалану. Пайда көру пара алудан және ақшаны ұрлаудан бастап, достарға және туыстарға заңсыз көмек көрсетуге дейін әртүрлі түрде көрінеді. Заңнамалық анықтамада сыбайлас жемқорлықтың ең көп таралған формалары келтірілген:

  • пара беру және алу;
  • билікті асыра пайдалану;
  • коммерциялық парақорлық.

Сыбайлас жемқорлықтың қазіргі заманғы көріну түрлері оған қарсы күресті одан да қиындатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізі тек қана нақты бақылау мен жазалауға ғана емес, сонымен бірге сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жүйелі тәсілде де болуы керек. Сыбайлас жемқорлықтын алдын-алу шараларына жатады:

1) қоғаммен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу идеясын және оны барлық жағдайларда хабарлау қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған халықпен ақпараттық жұмыс;

2) мемлекеттік құрылымдардың ашықтығын арттыру;

3) БАҚ тәуелсіздігі;

4) мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру;

5) бюрократиялық процедураларды жеңілдету, оларды электронды түрде беру.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында, қызметкерлер арасында түрлі іс-шаралар, әңгімесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып әрдайым үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Осындай жұмыстардың барлығы сыбайлас жемқорлықпен күресу жолында, әрине, өз септігін қосады. Өйткені, қазіргі сағат сайын дамып келе жатқан қоғамда сыбайлас жемқорлық мәселесі мемлекеттің дамуын ғана тоқтатпай, оны кері құлдыратады.

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!!!

 

 

Орал қ. Төтенше

жағдайлар басқармасы