Қзақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне

Қзақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне

 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Орал қаласы)» мемлекеттік мекемесі спартакиада ережесіне сәйкес Қзақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне, ағымдағы жылдың  24 Маусым күні қалалық өрт сөндіру  бөлімдері арасында П. Атоян атындағы стадионда жеңіл атлетиткадан жарыс өткізді. 

Аталған жарыс 3 кезеңнен тұрды. Біріншісі 100 метр қашықтықта және  екіншісі 1000 метр қашықтықта жүгіру болса, ал үшіншісі эстафеталық жүгіру сайысы.  Аталған жарыста Қызметтің қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің ішінде командалық есепте үздік деп танылған командаларды атап өтер болсақ, I орын № 3 мамандандырылған  өрт сөндіру бөлімі,  II орын № 6 өрт сөндіру бөлімі, III орын № 4 өрт сөндіру бөлімі. Жеңіс тұғырынан көрінген әріптестерімізді құттықтаймыз.