«Судағы қауіпсіздік» тақырыбында облыстық сурет байқауы

«Судағы қауіпсіздік» тақырыбында облыстық сурет байқауы

«Судағы қауіпсіздік» тақырыбында

облыстық сурет байқауы

1-15 маусым аралығында Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті БҚО білім басқармасымен бірлесе отырып «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Байқау жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында (1-9 сынып) қашықтық форматта, облыстың жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында қауіпсіздік мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді судағы қауіпсіздікке жауапты қарауға үйрету, құтқарушы мамандығын насихаттау мақсатында өтті.Қатысушылардың жалпы саны 200-ден асты.Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын: Орал қаласы, «№ 20 ЖОББМ» - Исмагулова Адема;

2 орын: Ақжайық ауданы, «Абай атындағы мектеп-гимназия» - Шанаева Карина;

3 орын: Орал қ., «№ 6 ЖОББМ» - Еремеева Варвара.

«Алдына алу плакаты» номинациясы бойынша:

1 орын: Орал қаласы, «Облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған БЖСМ» - Ескаиров Әділбек;

2 орын: Орал қ., «№ 7 ЖОББМ» - Тяпухина Ирина;

3 орын: Жәнібек ауданы, «Ықсанов атындағы ЖОББМ»  - Закарина Құралай.

Қатысушылар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

Төтенше жағдайлар департаменті өздерінің жауһарларын әкелген балаларға алғыс айтып, қашықтық байқауға қатысу үшін өз оқушылары мен тәрбиеленушілерін ұйымдастырған тәрбиешілерге, оқытушыларға, мұғалімдерге алғыс білдіреді.

БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы