Суға бату. Суға бату кезіндегі алғашқы көмек

Суға бату. Суға бату кезіндегі алғашқы көмек

 

   Суға бату. Суға бату кезіндегі алғашқы көмек


Суға бату – өкпеге көп мөлшерде сұйықтықтың жиналуымен сипатталатын, механикалық тұншығып қалу болып табылады. Суға бату әр түрлі жас топтары арасында жүреді, бірақ оның ең көбі жас ер азаматтар. Статистикаға сәйкес, суға бату оқиғасы жыл сайын артуда.

Суға батудың себептері: 

  • судағы түрлі бұзушылықтар, қарапайым сақтық ережелерді сақтамау (өз физикалық қуатын қайта бағалау, суық суға ұзақ шомылу, мас күйінде шомылу, қатты дауыл)
  • әр түрлі созылмалы аурулардың шомылу кезінде асқынуы; (эпилепсия, өткір коронарлық жеткіліксіздік, гипертониялық криз және басқа да жағдайлар сананың жоғалуына әкеледі);
  • жүзу кезіндегі жазатайым оқиға(жұлынның жарақаты, соққы нәтижесінде сананың жоғалуы, мидың шайқалуы);
  • қасақана өз-өзіне қол жұмсау;
  • суық суға бірден түскенде; (бұлшықеттің құрысулары, қан айналымның тоқтатуы, кез келген қозғалыс мүмкін емес жағдайда болады);
  • критикалық жағдайға түскенде қорқыныш;
  • ішпен соғылғанда жарақаттық шоктың рефлекторлық сипаты(биіктен секіру кезінде);
  • Тереңдікке күрт бату кезінде кейбір ішкі ағзалардың жыртылуы (бауыр, көкбауыр, және т.б.)

Суға батудың түрлері және белгілері. Суға батудың үш түрі бар:   

1.Шынайы суға бату – сұйықтың тыныс алу жолдарына және ең кішкентай альвеолаларға дейін жиналуы. Альвеолаларға жиналған сұйықтықтық қысымының жоғары болуына байланысты ұсақ капиллярларды жарып сұйықтық немесе бөгде заттар қанға түседі. Белгілері: аяғы мен мойнынан веналарының ісінуі, терінің  шырышты көгеруі, тыныс жолдарынан қызғылт көбік көрінеді.

 2.Асфиксиялық суға бату - тыныс алу жолдары бітеліп, оттегі жетіспеушілігінің  нәтижесінде тұншығу туындайды. Содан кейін тыныс жолдары мен өкпеге су немесе басқа сұйықтық енсе ларингоспазм және гипоксия орын алады. Белгілері: шынайы батудың белгілерімен салыстырып қарағанда тері және шырышты қабаттары  аз көкшіл түсті болып сипатталады. Өкпеден  қызғылт майда-көпіршікті көбіктің болуы.

3.Синкопальді немесе талу суға бату – бұл жағдайда жүрек пен тыныс алудың рефлекторлық тоқтауына байланысты адам өліп кетуі мүмкін.  Күшті эмоциялық соққы немесе суықтан батуы мүмкін. Ондай жағдайларда батып кетудің 10-14% кездеседі. Белгілері: капиллярлардың қысылуы нәтижесінде терінің бозаруымен сипатталады. Ең қолайлы болжам суға батып бара жатқан адамды 10 минуттан кейін, бірақ кейде ұзақ кезеңдерді, қалпына келтіру мүмкін (әсіресе теңіз су болса).

Суға бату кезіндегі алғашқы көмек
Бірінші көмек ол - зардап шеккенді судан алып шығу болып табылады. Батып бара жатқан адамның беті судың бетіне шығып тұру үшін  шалқасымен жатқызып алып шығу тиіс. Мұндай жағдайларда, дүрбелеңге түспей, ауаны көп жұта тырысып, тереңге сүңгу қажет. Содан кейін зардап шегушіні көп ұзамай жағаға тасымалдау керек. Зардап шегушіні жағаға шығарып дереу тамыр соғысы мен батудың  түрін анықтау қажет. Ылғалды тұншығу кезінде бірінші қадамда зардап шегушінің тыныс алу жолдарындағы сұйықтықты шығару табылады. Адамды иілген тізеге жатқызып арқасынан соғу керек. Тамыр соғысы болмаған жағдайда тезірек жасанды тыныс беру мен қатар жүрекке тікелей емес массаж жасау қажет. Құрғақ немесе синкопальді бату түрінде өкпедегі және тыныс жолдарындағы суды жою талап етпейді. Бұл жағдайда, дереу жоғарыда аталған реанимациялық шараны өткізуге тиіс. Кез келген жағдайда суға батып бара жатқан адам үшін көмек осы қызметке байланысты шектеулі емес екенін есте сақтау маңызды болып табылады. Ренимациялық шарадан кейін жүрек тоқтауы немесе өкпе ісінуі түріндегі асқынулар қайталануы мүмкін, сондықтанда  мүмкіндігінше жақынарадағы дәрігерге тез көрсету қажет. Тіпті сіз батып бара жатқан адамды өте тез судан шығарып алсаңыз,  және ол есін жоғалтпаған болса сізге жедел жәрдем шақыру керек - бұл мүмкін болатын асқынуларды болдырмау үшін көмектеседі.

Суға батудың алдын алу

Мұндай алдын алу тұншығудың болмауын қамтамасыз етеді:

  • суға түсер алдында ешқашанда спирттік ішімдіктерді немесе тамақ ішуге болмайды;
  • балаларды суға жақын жерге немесе жағажайға қараусыз қалдырмаңыз, балаларды мүмкіндігінше жүзуге ертерек үйрету керек;
  • жуынатын бөлмеге мүгедектер мен балаларды, қарттарды қараусыз қалдыруға болмайды;
  • құтқару станцияларының аймағында ғана суға түсу крек;
  • жүзе білмейтіндер немесе жақсы жүзе алмайтындар резеңке сақиналарды немесе құтқарушы курткаларды пайдалану керек.