Балалардың көзқарасындағы қауіпсіздік!
Қазіргі балалар тез дамып келе жатқан цифрлық әлемде өмір сүреді. Олардың айналасында көптеген ақпарат бар, яғни үйлесімді даму мен тәрбиенің шекараларына жол ашық. Дегенмен, балалардың қауіпсіздігі – бұл ауқымды және ауыр жұмыс. Балаларға қоршаған ортадағы кейбір жағдайлардың денсаулығына зиян тигізетінін және тіпті олардың өміріне қауіп төндіретінін бірден түсіне қою қиын. Сондықтан, балалар үшін қауіпсіздік ережелерін оқытудың бірден-бір әдісі – шығармашылық болып табылады. Бұл олардың қиялына еніп, балалардың өз білімдерін нығайтуға және игерілген материалдарды көрсетуге көптеген септігін тигізеді.
Балалар қауіпсіздік ұғымын қалай көреді? Бұл сұраққа Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, негізгі мақсаты қауіпсіздік мәдениетін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау болып табылатын суреттер байқауының қорытындысын шығару арқылы жауаптарын таба білді.
Шығармашылық іс-шара, ағымдағы жылғы 1-30 сәуір аралығында облыстық білім басқармасымен бірлесіп онлайн режимде ұйымдастырылып, өткізілді. «Біз қауіпсіздік үшін» атты маңызды тақырыпқа жалпы білім беретін мектептердің 1-9 сынып оқушылары, өздерінің көркем ой-пікірлерін түрлі суреттерімен білдірді. Көптеген жұмыстардың ішінен ең жақсысын таңдау өте қиынға соқты. Суреттердің өздері балалардың күш-жігері, олардың қауіпсіздік мәселелеріне деген жеке көзқарасы туралы айтып тұрды. Бояулармен, акварельдермен, қарындаштармен және фломастерлермен салынған түрлі суреттер ұсынылды: жанып жатқан ғимараттардан балаларды алып шыққан өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, сіріңкемен ойнаған бұзық бүлдіршіндер, қызыл жалынмен көмкерілген ормандар, орманда шашылған қоқысты мұқият тазалап жүрген оқушылар және тағы басқалар. Байқауға облыстың жалпы орта білім беретін мектептері арасынан жалпы саны 533 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша, жүлделі орындар анықталды:
1-орын: Орал қаласы, «№ 3 ЖОББМ» 4-сынып оқушысы – Ергалиева Элиза;
2-орын: Орал қаласы, «№ 35 мектеп-лицейінің» 8-сынып оқушысы – Киламбекова Ару;
3-орын: Казталов ауданы, «А. Оразбаева атындағы ЖОББМ» 9-сынып оқушысы – Жұмабек Сабина;
«Ең жас суретші» номинациясы бойынша: Ақжайық ауданы, «Сарытоғай ЖОББМ» 1-сынып оқушысы – Бисенбай Аружан. Балаларға алғыс хаттар мен сыйлықтар жіберілді.
Комиссия мүшелері, байқауға жыл өткен сайын қатыстырылатын суреттердің күрделене түсетінін, балалар өздерінің белсенділігін көрсететінін және олардың жұмыстары техника мен мазмұны бойынша бір-бірінен ерекшеленетінін атап өтті. Сондықтан, комиссия мүшелері барлық қатысушыларға Департамент бастығының атынан «Алғыс хаттар» жолдау туралы шешім қабылдады.
БҚО ТЖД Мемлекеттік
өрт бақылау басқармасы