«ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қаласы)»
ММ жедел-құтқару жасағының автокөлік,
жүзу құралдары мен жабдықтары тексерілді
2021 жылы 11 мамыр күні «ҚР ТЖМ БҚОТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қаласы)» ММ жедел-құтқару жасағында автокөлік пен жүзу құралдары, авариялық-құтқару жабдығы, сүңгуір жабдықтары, құтқару және байланыс құралдарының техникалық жай-күйіне маусымдық тексеріс байқауы өткізілді. Техникалық байқау жасақтың көктемгі-жазғы маусымға дайындығын тексеру мақсатында өткізілді.
Бұған дейін үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар авариялық-құтқару жабдықтарына, автокөлік және жүзу құралдарына, тасымалдау тіркемелеріне, қайық моторларына жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді орындады, қысқы кезеңде пайдаланылатын жабдықтарды консервациялауды жүргізді.
Байқау барысында комиссия техника мен жабдықтың техникалық жай-күйін бағалап қана қоймай, авариялық-құтқару автомобильдерінің құтқару жабдығы мен қажетті құрал-сайманмен жабдықталуын, өрт сөндіргіштердің, домкраттардың, медициналық дәрі қобдишаларының болуын, байланыс құралдарының, жүзу құралдары мен суда құтқару құралдарының дайындығын тексерді. Сондай-ақ құтқару бөлімшелеріне бекітілген бокстарды да тексерді.
Қызметтің жедел-құтқару жасағының автокөліктері және жүзу құралдары көктемгі-жазғы маусымға дайын екендігін көрсетті.