1 наурыз - дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні

1 наурыз - дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні

1 наурыз - дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні

 

Азаматтық қорғаныс - республикамыздың ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол өзі құрылған сәтінен бастап халықты, аумақты авиациялық, зымырандық қару-жарақ пен зақымдаушы қару қатерінен қорғаудың міндетін орындайды.

Бүгінгі күні Азаматтық қорғаныстың міндетіне бейбіт уақыттағы табиғи апаттардан – жер сілкінісі, су тасқыны, өрт салдары және тағы да басқа төтенше жағдайлардан қорғау жатады.

Ағымдағы жылы «Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс» күніне орай Орал қаласы № 27 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары арасында «Азаматтық қорғаныс балалар көзімен» атты сурет салудан конкурс жарияланған болатын. Аталған конкурс бір аптаға созылып, арнайы комиссия құрылып, жүлделі орындар белгіленді. Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні Қызметтің қызметкерлері балалардың жүлделі орындарын жариялап, мақтау қағаздары мен кішігірім сыйлықтарын табыс етті.