Сынап
Сынап – бұл улы зат. Егер қызуды өлшейтін аспап немесе қыздыру шамы сынған жағдайда дүрбелеңге салынудың қажет жоқ, өйткені олардағы сынап мөлшері ауыр зардаптар туғызбайды. Бірақ сынаптың аздаған мөлшері адамға ұзақ уақыт әсер етсе, бұл денсаулық үшін қауіпті, сондықтан сынапты төмендегі нұсқауларға сәйкес тезірек жинау қажет.
Сынап төгілген жерге басқа адамдардың кіруіне жол бермеңіз және бөлмені желдетіңіз. Затты жинаудың әр түрлі тәсілдері бар: ол үшін шприцті, тамшуырды немесе күрекшені қолдануға болады.
Сынапты жинау үшін щетканы пайдаланбаңыз. Қолданылған мақтаны, шприцті немесе тамшуырды полиэтилен пакетке салыңыз. Жиналған сынапты қоқысқа тастамаңыз! Төгілген сынапты жинау барысында сынаптың денеңізге немесе киіміңізге тигізуден сақ болыңыз. Затты жинағаннан кейін бөлмені таза ауамен желдетіңіз!
Сынаптың үлкен көлемде ластануы немесе сынаптың жұтылуы жағдайында 112 нөміріне қоңырау шалыңыз! Ықтимал қауіптер мен дұрыс әрекет ету туралы хабардар болу арқылы сіз өзіңізді және жақындарыңызды қорғай аласыз.