Өрт оқиғасы дер кезінде ауыздықталды

Өрт оқиғасы дер кезінде ауыздықталды

Өрт оқиғасы дер кезінде ауыздықталды

2021 жылғы 03 ақпан күні 10 сағат 18 минутта БҚО ТЖД дағдарыс жағдайында басқару басқармасына Ақотау көшесі 24/1 мекенжайындағы пәтерден өрт шыққаны жөнінде хабар келіп түсті. Өрт жұмыстарын барлау барысында 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің 4-қабатының пәтерінде  жиһаз бен жеке заттар жанып жатқаны анықталды, өрт пәтердің 15 ш/м шарпып өтті.

Оқиға орнынан өрт сөндіруші-құтқарушылардың күшімен 3 адам құтқарылды оның ішінде 2-уі бала, 32 адам эвакуацияланды оның ішінде 7-уі бала. Құтқарылған 3 адамның ішінде 1 ер адам автосатының көмегімен терезеден шығарылып, 2 бала құтқарушылардың көмегімен есікті бұзу арқылы шығарылды.

Оқиға орнында БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ психологы аталған пәтерден  құтқарылған және эвакуацияланған тұрғындарға жедел психологиялық көмек көрсетті.

Өрт оқиғасы 10 сағат 45 минутта оқшауланып, 11 сағат 01 минутта толықтай жойылды.

Оқиға орнында жалпы 12 бірлік техника мен 35 қызметкер жұмыс атқарды.