Өрт қауіпсіздігі шаралары
енді «Яндекс.Такси» сервисінде
2021 жылдың басынан бастап Батыс Қазақстан облысының аумағында автокөліктің жану жағдайы жиілеп кетті. Өрттердің жалпы санынан - 8 фактіні автомобиль көлігінде болған өрттер құрайды.
Автомобильдегі өрт-өте қауіпті, өте жылдам және жойқын оқиға. Көлік күтпеген жерден, көбінесе қозғалыс кезінде тұтанады және әдетте бірнеше минут ішінде толығымен жанып кетеді.
Әрбір автокөлік иесінің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жоғары жауапкершілігі автокөлікте жанудың және өрттің туындау мүмкіндігін болдырмайды.
Істі өртке дейін жеткізбеу мақсатында Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментімен «Яндекс.Такси» жолаушылар тасымалдау саласындағы танымал агрегатордың ресми серіктестерімен көліктегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы автокөлік иелерінің білім деңгейін арттыру бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде.
Іс-шара аясында «Яндекс.Такси» сервисінде тіркелген жүргізушілердің смартфонына маршрут бағыты басталар алдында автокөліктегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы SMS-хабарламалар келеді, бұл жүргізушілердің қауіпсіздік мәдениетін арттырады, бұл өз кезегінде жолаушыларды да қауіпсіздендіреді.
«Яндекс.Такси» сервис қызметіне 12 000-нан астам жүргізуші тартылғанын ескере отырып, бұл акция кең ауқымды сипатқа ие және халықты барынша қамтитын болады.
Құрметті жүргізушілер, есіңізде болсын! Өртті сөндіруден гөрі алдын алу оңай, сондықтан өзіңіздің «темір тұлпарыңыздың» техникалық жағдайын қадағалаңыз, абай болыңыз және істі өртке дейін жеткізбеңіз.
БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт
бақылау басқармасы