Марапаттау

Марапаттау

         Өрт – адам жанын аямайтын тілсіз жау. Апат айтып келмейді. Бұл құбылыс – осы салада біраз жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан мамандарға аян. Төтенше жағдайлардан, оның ішінде өрттен халықты, түгел бір жанұяны алып қалу – олар  үшін жетістік.

Арыстанбек Нурланович Тапалов 1985 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген. Өрт сөндіру саласында 10 жылдай қызмет атқарып келеді. Жас та болса, аса ауқымды салада жасап жүріп, талай өмір мен өлім арпалысына түсіп, халық үшін қызмет етуде. Көптеген адамдардың өмірін құтқарып, өзгенің өмірі үшін жан аямай күресіп келеді.

Осындай қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметте  әр бір адамның еңбегінің елегенгені кімге де болса қуаныш, көңілге медет ұялатады. Осы ретте ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан  қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен  «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ(Орал. қ)» ММ № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Арыстанбек Нурланович Тапалов Қазақастан Республикасы Төтенше жағдайлар министірі генерал-майор Юрий Викторович Ильиннің қолынан «Ерлігі үшін» медальін алған болатын. Арыстанбек Нурланович Тапаловты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Жұмыста табыс, отбасына амандық тілейміз.

Өрт сөндірушілер арасында «Жеңдерің құрғақ болсын» деген әдемі тілек бар. Бұл – «өрт пен судан аман болайық» деген сөз. Ендеше лайым солай болсын!