Жас құтқарушылармен кездесу өтті

Жас құтқарушылармен кездесу өтті

Бәйтерек ауданы ТЖБ қызметкерлері Достық ауылының орта мектебінде оқушылармен кездесу ұйымдастырды.

Мақсаты – қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын дамытужәне өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығына қызығушылықтарын арттыру.

Кездесу барысында балаларға қауіпсіздік шаралары көрнекі құралдар арқылы түсіндіріліп, құтқарушы мамандығы туралы ақпарат беріліп, МҒабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібі, талаптары жеткізілді.