Азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу мүмкіндіктері таныстырылды

Азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу мүмкіндіктері таныстырылды

Орал қаласында мансап және жастарресурсы орталықтарымен бірлескен бос жұмыс орындары бойынша жәрмеңке өтті.

Департамент қызметкерлері келушілерге азаматтық қорғау жүйесінде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, қызмет өткеру шарттары, кандидаттарға қойылатын талаптар мен кәсіби өсу болашағы туралы ақпарат жеткізді

Жәрмеңкеге қатысушылар қызықтырған сұрақтарына жауап алып, азаматтық қорғау органдарының қызметі туралы толығырақ ақпаратқа ие болды.

Мұндай кездесулер жұмыс берушілердің әлеуетті кандидаттармен тікелей байланыс орнатуына мүмкіндік беретін маңызды алаң болып табылады.