Мектепте өрт кезіндегі іс-қимылдар пысықталды

Мектепте өрт кезіндегі іс-қимылдар пысықталды

Орал қаласы №7 мектеп-гимназиясында тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында білім беру нысанында төтенше жағдайлар кезінде өрт сөндіру бөлімшелерінің іс-қимылдары, оқушылар мен қызметкерлерді эвакуациялау, зардап шеккендерді құтқару және шартты өртті сөндіру жұмыстары жетілдірілді

Жеке құрамның жедел әрекет етуі, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл және мектеп әкімшілігімен бірлескен жұмыс жүргізу дағдылары жетілдірілді.

Мұндай тәжірибелік сабақтар төтенше жағдайлар туындаған кезде дұрыс әрі жедел әрекет етуге дайындықты арттыру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.