Қариялар – елдің қазынасы

Қариялар – елдің қазынасы

1 қазан – Қарттар күніне орай департамент  басшылығы азаматтық қорғау саласының ардагерлеріне және Орал қаласындағы қарттар үйінің тұрғындарына арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді.

Кездесу барысында сала ардагерлеріне ұзақ жылдар бойы азаматтық қорғау жүйесіне қосқан үлестері үшін алғыс айтылып, зор денсаулық, амандық және отбасыларына береке тіленді. Қарияларға әлеуметтік көмек көрсетіліп, мерекелік сыйлықтар табысталды.Сонымен қатар, департамент басшылығы Орал қаласындағы қарттар үйіне барып, онда тұратын қарияларды мерекемен  құттықтады. Қарттарға қажетті әлеуметтік көмек көрсетіліп, ізгі тілектер мен сый-сияпаттар табыс етілді.

Қарттарды құрметтеу – ұрпаққа өнеге, үлкенге ізет көрсетудің жарқын үлгісі. Мұндай игі шаралар ардагерлерге деген құрмет пен қамқорлықты арттыруға бағытталған.