Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары пысықталды

Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары пысықталды

Батыс Қазақстан облысында инженерлік жұмыстар жоспарының іске асырылу барысы қаралды.

Облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен отырыста су тасқынының алдын алуға бағытталған іс-шаралардың орындалу барысы талқыланды.

2026 жылға су тасқынының алдын алуға бағытталған 31 іс-шара жоспарланған. Бүгінде оның 9-ы толық орындалды. Қалған іс-шаралар бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Отырыс қорытындылары бойынша жауапты мекемелерге жоспарланған жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау,анықталған кемшіліктерді жеделжою тапсырылды.