Мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері талқыланды

Мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері талқыланды

Облыс әкімдігінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жиын өтті.

Жиын барысында жүргізілген тексерулердің статистикасы, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, азаматтық қорғаныс салаларындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды регламенттейтін негізгі заңдар мен нормативтік құқықтық актілер талқыланды.

Сонымен қатар, тексерулер барысында анықталған негізгі мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылып, мемлекеттік бақылау тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар ортаға салынды.