Әскери-патриоттық лагерьдегі қауіпсіздік сабағы

Әскери-патриоттық лагерьдегі қауіпсіздік сабағы

Құтқарушылар балаларға қауіпсіздік ережелерін еске салып, жазатайым оқиғалардың алдын алу жолдарын түсіндіріп, өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларын таныстырды.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Ақжайық қырандары» әскери-патриоттық лагерінің тәрбиеленушілеріне арналған профилактикалық іс-шара өткізді.

Кездесу барысында балаларға терезеден құлаудың алдын алу шаралары түсіндіріліп, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі және терезелерге арнайы бұғаттағыштарды орнатудың маңыздылығы айтылды.

Сондай-ақ лагерь тәрбиеленушілері өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларымен танысты. Осындай іс-шаралар балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамытуға ықпал етеді.