
Департамент қызметкері Айбар Камидуллиев Орал қаласында өтіп жатқан республикалық «QADAM MEDIA-2026» форумына қонақ ретінде арнайы шақырылды.
Форум аясында Қазақстан Журналистер одағы атынан азаматтық қоғамның дамуына қосқан айрықша еңбегі мен елеулі үлесі үшін медальмен марапатталды.
Айта кетейік, А. Камидуллиев еңбек демалысында болған кезде пәтерден шығып жатқан өртті байқап қалып, салқынқандылық пен батылдық танытып, қауіпті аймақтан екі адамды құтқарып қалған болатын. Оның жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында адам өмірі сақталып қалды.
Бұл марапат оның азаматтық қорғау саласындағы адал қызметі мен ерлігіне берілген жоғары бағаның көрінісі болып табылады.