Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды

Мерекелік жиында өңірдің ақпарат кеңістігін дамытуға үлес қосып жүрген журналистер құрметке ие болды.

Іс-шара барысында департамент басшылығы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, азаматтық қорғау саласын ақпараттандыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу мәдениетін қалыптастыруға және халыққа қауіпсіздік ережелерін кеңінен түсіндіруге қосып жүрген үлестері үшін алғыс білдірді.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында жалғасып, халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі сөз болды.

Департамент ұжымы барлық журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс, тың идеялар және еңбектеріне толағай жетістіктер тіледі.