Облыс гарнизонында ел тәуелсіздігі мен бірлігінің нышаны саналатын мемлекеттік рәміздер күніне құрмет көрсетілді.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухы, ұлттық құндылықтары мен тәуелсіздігінің нышанын айқындайтын қасиетті белгілер. Әнұранды бірлесіп орындау – ұжымның патриоттық рухын нығайтып, Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етеді.
Департамент ұжымы мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың маңызды парызы екенін атап өтіп, ел игілігі жолындағы қызметін адал атқара бермек.