Азаматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайларға ден қою дайындығын арттыру, сондай-ақ, жедел қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру мақсатында 2026 жылғы 28-29 мамыр күндері Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу «Өрт-2026» өтті.
Оқу-жаттығу екі кезеңнен тұрды:
28 мамыр күні теориялық бөлім ұйымдастырылып, жедел құжаттарды пысықтау, басқару органдарының іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіру және қызметтердің өзара әрекеттесу тәртібін үйлестіру жұмыстары жүргізілді.
29 мамыр күні практикалық кезең өткізіліп, шартты төтенше жағдайларды жою бойынша күштер мен құралдардың дайындығы тексеріліп, авариялық-құтқару және өрт сөндіру бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдары пысықталды.
Оқу-жаттығу аясында:
Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару мақсатында облыстық штаб құрылды. Штаб барлық тартылған қызметтердің жұмысын үйлестіріп, оқу-жаттығу барысындағы басқару және бақылау жұмыстарын жүзеге асырды.
Іс-шараға өртке қарсы қызмет бөлімшелері, жедел медициналық жәрдем қызметі, полиция, авариялық-құтқару құрылымдары, коммуналдық мекемелер және басқа да мүдделі ұйымдар қатысты.
«Өрт-2026» оқу-жаттығуы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезіндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіруге, сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесінің дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.
Оқу-жаттығуға 33 техника, жеке құрамнан 147 адам, 1 БПЛА, 1 вертолет жұмылдырылды