Батыс өңірінде үздік жас құтқарушылар анықталды

Батыс өңірінде үздік жас құтқарушылар анықталды

Балалар күні қарсаңында дәстүрлі облыстық «Жас құтқарушылар» слеті жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар төтенше жағдайларда әрекет ету, алғашқы көмек көрсету және командалық үйлесімділік бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

Жарыс қорытындылары бойынша 12 команда арасында өткен тартысты күресте Қаратөбе ауданының жас құтқарушылар командасы жеңіске жетті.
ІІ орынды Орал қаласы № 40 жалпы орта білім беретін мектептің, ал, ІІІ орынды Бөрлі ауданының жас құтқарушылар командасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.