
Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті Жәнібек ауданында заманауи байланыс технологиясын енгізді.
Бұл жоба жергілікті әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырылды. Атап айтқанда, қызметтік «Hilux» автокөлігіне «Starlink» спутниктік интернет жүйесі орнатылды.
Орнатылған «Starlink» жүйесі шалғай аймақтарда да тұрақты әрі жылдам интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Аталған технология авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде және іздестіру-құтқару операциялары барысында тиімді қолданылатын болады. Соның арқасында құтқарушылар жедел ақпарат алмасып, іс-қимылды нақты үйлестіре алады.
Мамандардың айтуынша, бұл жаңашылдық төтенше жағдайларға әрекет ету жеделдігін арттырып, жұмыстардың тиімділігін күшейтеді.