Достық ауылында екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шығып,
екі адамды құтқарған қызметкер марапатталды.
Департамент бастығының м.у.а. Жанболат Жаншин өрт кезінде екі адамның өмірін аман алып қалған ерлігі мен батылдығы және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Айбар Хайдарұлы Камидуллиевке зор алғысын білдіріп, Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай мерейтой медалі және Алғыс хатпен марапаттады.
Еңбек демалысында болған департамент қызметкері, азаматтық қорғау капитаны Айбар Камидуллиев үйіне көлікпен бара жатып, пәтердегі өртті байқайды. Көп ойланбастан, ол көмекке ұмтылады. Өз өмірін қатерге тігіп, өрт сөндірушілер келгенге дейін түтінге толы пәтерге терезе арқылы кіріп, екі адамды табады.
Пәтердің кілтін тауып, терезе арқылы даладағы адамдарға лақтырып жібереді. Сырттағылар есікті ашқаннан кейін, Айбар іште қалып, эвакуацияға жол ашып, адамдарды қатты түтін басқан бөлмеден уақытында алып шықты.
Құтқарылғандар жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Өрт сөндірушілер келген кезде екінші қабаттағы пәтердің, балконның жануы, сондай-ақ көрші пәтер балконның ішінара жануы анықталды. Өрттің жалпы аумағы 40 ш.м. құрады.
Өрт сөндірушілер жалынның көрші пәтерлерге таралуына жол бермей, толықтай сөндірген болатын.