Желдің күшеюуі кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Жел – жер беті бойымен қозғалатын ауа ағыны. Ең алдымен, желдер күші, ұзақтығы және бағыты бойынша жіктеледі. Сонымен, желдің екпіндері болып қысқа мерзімді (бірнеше секунд) және күшті ауа қозғалыстары табылады. Орташа ұзақтықтағы қатты желдер (шамамен 1 мин) дауыл деп аталады.
Қатты жел кезінде жарақат алмау үшін азаматтар келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
ғимараттардан шығуды шектеу ұсынылады (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
суға шомылудан, жүзу құралдарымен суға шығудан бас тарту қажет;
балаларды ерекше бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау маңызды;
егер сіз қатты жел кезінде көшеде қалып қойсаңыз, жақын кіреберісте (подъезд) немесе дүкенде жасырыныңыз;
қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын жасырынуға болмайды, өйткені шатырлардан шифер мен басқа шатыр материалдарының құлауы мүмкін;
қоғамдық көлік аялдамаларында, жарнама қалқандарының, ағаштардың астында, құрылысы аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;
қатты жел кезінде электр желілерінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өміріңізге қауіпті;
жеке автокөлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады;
егер сіз қатты жел кезінде ашық жерде жолда қалып қойсаңыз, шұңқырға, жартасқа жасырынып, жерге мықтап жабысып алған дұрыс;
қауіпті жағдайда және құтқару шараларын жүргізу қажет боса – 101 және 112 қоңырау шалыңыз.
БҚО ТЖД ДЖБ