
Өткен түні Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Достық ауылында екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шықты.
Демалыста болған ТЖД қызметкері, азаматтық қорғау капитаны Айбар Камидуллиев үйіне көлікпен бара жатып, пәтердегі өртті байқайды. Көп ойланбастан, ол көмекке ұмтылады. Өз өмірін қатерге тігіп, өрт сөндірушілер келгенге дейін түтінге толы пәтерге терезе арқылы кіріп, екі адамды табады.
Пәтердің кілтің тауып, терезе арқылы даладағы адамдарға лақтырып жіберді. Сырттағылар есікті ашқаннан кейін, Айбар іште қалып, эвакуацияға жол ашып, адамдарды уақытында қатты түтін басқан бөлмеден алып шықты. Құтқарылғандар жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Өрт сөндірушілер келген кезде екінші қабаттағы пәтердің, балконның жануы, сондай-ақ көрші пәтер балконның ішінара жануы анықталды. Өрттің жалпы аумағы 40 ш.м. құрады.
Өрт сөндірушілер жалынның көрші пәтерлерге таралуына жол бермей, адам шығынына жол берілген жоқ. Өрт толық сөндірілді.