
БҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Ж. Жаншин аға басшы құрам қызметкерлеріне кезекті арнайы атақтарды табыс етті.
ҚР ТЖМ-нің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 106 ж/қ бұйрығымен Бөкейордасы ауданы ТЖБ аға инженері Дмитрий Владимирович Агафоновқа «азаматтық қорғау майоры», 2026 жылғы 27 наурыздағы № 185 ж/қ бұйрыққа сәйкес кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бас маманы Эльмира Казихановна Ибрагимоваға және мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Самат Камидоллинович Мулдашевке «азаматтық қорғау подполковнигі», 2026 жылғы 27 наурыздағы № 76 ж/қ бұйрығымен Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасының инженері Еламан Төлеуұлы Базаровқа «азаматтық қорғау аға лейтенанты» кезекті арнайы атағы берілді.