Құтқарушылар арасында ұлттық құндылықтар дәріптелді

Құтқарушылар арасында ұлттық құндылықтар дәріптелді

Батыс өңірінің жедел-құтқару жасағында «Бесікке салу» дәстүрі насихатталды.

Іс-шара барысында жаңа туған сәбиді бесікке бөлеу рәсімі көрсетіліп, бесікті аластау, жабдықтау және бөлеу кезеңдерінің мәні түсіндірілді. Шарада үлкендер ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін арнады. Қатысушылар бесіктің бала тәрбиесіндегі маңызын атап өтті.

Мұндай шаралар ұлттық- салт-дәстүрді насихаттап, ұжымның рухани бірлігін нығайтуға ықпал етеді.