Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің дайындығын арттыру және көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында батыс өңірінде өткен «Көктем-2026» оқу-жаттығуы аяқталды.
Іс-шараның негізгі міндеті төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарды жетілдіру, сондай-ақ, басқару органдары мен азаматтық қорғау күштерін ықтимал су тасқыны қауіп-қатерлеріне дайындау болды.
РКШОЖ қорытындысында жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері биылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы баяндады.