Батыс Қазақстан облысында қосымша қар өлшеу жұмыстары жүргізілуде

Батыс Қазақстан облысында қосымша қар өлшеу жұмыстары жүргізілуде

Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынына болжамды жұмыстарын жүргізу мақсатында қосымша қар өлшеу жұмыстары жүргізілуде.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мамандары Деркөл, Өлеңті, Шыңғырлау, Шежін-2 және Шідерті өзендерінің алқаптарында қар жамылғысының қалыңдығы мен су қорын анықтау бойынша өлшеу жұмыстарын атқаруда.

Зерттеу шаралары өзендердің жоғарғы ағыстарында ұйымдастырылған. Өлшеу жұмыстары арнайы техниканың көмегі және департамент қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асырылуда.

Жиналған деректер алдағы көктемгі су тасқынын болжауға және алдын алу іс-шараларын тиімді жоспарлауға негіз болады.