Ағымдағы жылғы 25-27 ақпан аралығында Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындау мақсатында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Калияр Айтмұхамбетов және Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанболат Жаншиннің қатысуымен оқу-жаттығу бойынша жиын өтті.
Жиын барысында шұғыл жұмыстарды орындау кезінде авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдарының күштерін жедел басқару алгоритмі пысықталды.