
Облыс бойынша су басу қаупі бар 185 елді мекен есепке алынған.
Ағымдағы жылы инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес, 35 іс-шара жоспарланған, оның 28-і аяқталды. Қалған 7 іс-шара бойынша жұмыстар жалғасуда.
Жалпы осы жылы жүгізілген іс-шаралар аясында 12 км қорғаныс бөгеттері салынды. Сондай-ақ, 0,6 км канал кеңейтілді, 1,3 км арық жүйесі салынып, Жақсыбай, Қалдығайты, Деркөл, Қайынды және Өлеңті өзендерінің арналары кеңейтілді. Автожолдарда 162 су өткізу құбыры орнатылып, ауыстырылды.
Бұдан бөлек, осы жылы Бәйтерек ауданы Чирово ауылындағы су қоймасын жөндеу жұмыстары аяқталып, Орал қаласында Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Жайық, Шаған және Деркөл өзендерінде су деңгейін бақылауды күшейту үшін автоматтандырылған
4 гидробекет орнатылды. Аталған гидробекеттер автоматты түрде 24/7 режимінде ақпарат беріп отырады.
2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде тартылатын күштер мен құралдар топтамасы 4568 адам, 2009 бірлік техника, 128 бірлік жүзу құралдары мен 482 бірлік мотопомпаны құрайды. Сонымен қатар, аудандарда жалпы саны 358 420 дана қапшық дайындыққа келтірілген (оның 67 820 қапталған).
Жалпы облыста барлық дайындық жұмыстары жоспарлы түрде атқарылып, су тасқыны кезеңіне дейінгі мерзімде аяқталатын болады.