
Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері «Кублей» ЖШС объектісінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.
Іс-шараға өрт сөндіру бөлімдерінің кезекші ауысымдары мен қарауылдарының жеке құрамы тартылды.
Оқу-жаттығу барысында сыртқы белгілер бойынша жағдайды бағалау, барлау ұйымдастыру, шешуші бағытты айқындау, жоғары ранг бойынша күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру пысықталды.