
Облыс аумағында су тасқыны кезеңіне дайындық аясында қосымша қар өлшеу жұмыстары атқарылуда.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалы Деркөл, Өлеңті, Шыңғырлау, Шежін-2 және Шідерті өзендерінің бассейндері бойынша 26 қосымша маршрутта қар жамылғысының қалыңдығы мен қардағы су қорын анықтауда.
Жұмыстар өзендердің жоғарғы ағыстарында екі бағыт бойынша арнайы техникалардың көмегімен жүзеге асырылуда.
Бұл деректер көктемгі су тасқынын болжау және алдын алу шараларын жоспарлау үшін пайдаланылатын болады.