
Орал қаласында төтенше жағдайлар, полиция департаменттері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі бірлесіп, көп қабатты үйлердің аулаларында заңсыз орнатылған қоршаулар мен тротуар блоктарын алып тастау жұмыстарын жүргізді.
Бұл жұмыстар тұрғын үйлерге арнайы қызмет техникаларының кедергісіз және уақытында кіруін қамтамасыз етуге бағытталған.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды аталған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады, себебі аулалардағы еркін қозғалыс — қауіпсіздіктің және төтенше жағдайларда уақытылы көмектің кепілі.