«Жас құтқарушылар» сыныбы ашылды

«Жас құтқарушылар» сыныбы ашылды

 

Орал қаласы № 4 мектебінде құтқарушылар тақырыбында жабдықталған сынып ашылды.

Мақсаты – жасөспірімдер арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын үйреті, болашақ құтқарушыларды ерте жастан кәсіби бағыттау.

Ашылу салтанатына ата-аналар, мектеп мұғалімдері, жеке құрам және мектеп оқушылары қатысты.

Шара барысында төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жас құтқарушыларға төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету шараларын пысықтап, арнайы куәліктер табыс етті.