«Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өрт қауіпсіздігіне қатысты жиын өтті

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өрт қауіпсіздігіне қатысты жиын өтті

Департамент қызметкерлері кәсіпкерлердің қатысуымен Жаңа жылдық мерекелердегі қауіпсіздік бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.

 

Жиын барысында қатысушыларға мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұлжытпай орындау қажеттілігі түсіндірілді.

Пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану қағидалары бойынша кеңестер беріліп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық шаралар талқыланды.