Ардагерлердің өмір жолы...

Ардагерлердің өмір жолы...

Ардагерлердің өмір жолы...

 

БҚО ТЖД Бөрлі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің құрамында Ұлы Отан соғысының ардагерлері де бар, олар майдандағы шайқастардан кейін де бейбіт уақытта отпен күресуге шыққан, өкінішке орай, жыл сайын олардың саны азайып келеді.  Сонымен қатар, бейбіт уақытта жауынгерлік кезекшілікке тұрып, адамдарды өрттен және басқа да төтенше жағдайлардан қорғауға ат салысқан құрметті ардагерлеріміз де бар.  Құтқарушылар күнін мерекелеу қарсаңында, біз өз ардагерлерімізді құттықтап, қазір сапта арамызда жоқ ардагерлерді еске аламыз. Осылайша, осы жылы да әдеттегідей олар туралы сөз қозғамауға болмайды.

Стамкулов Сарсен Құрмашұлы 1955 жылы 25 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданының Қабыл-төбе ауылында дүниеге келген. 1973 жылы КСРО ІІМ Алматы Өрт-техникалық училищесіне оқуға түсіп, оны 1976 жылы өте жақсы аяқтап, кейін Приурал аудандық ішкі істер бөлімінде, Орал қаласының ішкі істер бөлімінде өрт қауіпсіздігі инспекторы болып жұмыс істеді. 1980 жылы Бөрлі ауданының ІІБ мемлекеттік өрт бақылау бөлім бастығының қызметін атқарды.

         1987 жылы Облыс аумағындағы газ өндірісінің қарқынды дамуына байланысты Ақсай қаласында Қарашығанақ газконденсат кең орнында әскери өрт күзет отряды құрылуына негіз болып, Қарашығанақ кең орныңдағы № 15 әскери өрт күзет отрядының бастығы лауазымына ішкі қызмет майоры Стамкулов С.Қ. тағайындалады. Еңбек жолының барлық кезеңдерінде Сарсен Құрмашұлы қала, аудан және ұжымда барлық жүктелген қызметті адал және сапалы атқарып, үлкен беделге ие болды. Қызметте «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, алғыс хаттармен марапатталған. 1997 жылы өртке қарсы қызметінің подполковнигі Стамкулов Сарсен Құрмашұлы қызметтен лайықты демалысқа шықты.  

         Бірнеше жылдар бойы өрт сөндіру қызметінде қызметте болған Бахиев Хамидолла Демесінұлы 1959 жылы 20 тамызда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қосаба ауылында дүниеге келген. 

              1991 жылы "Өртке қарсы техника және қауіпсіздік"мамандығы бойынша КСРО ІІМ жоғары инженерлік өрт техникалық мектебінің Ташкент факультетінің толық курсын аяқтады.  Өзінің қызметтік жолын 1980 жылы Торғай облысы Жақсы аудандық ішкі істер бөлімінің мемлекеттік өрт қадағалау инспекторы болып бастады. 1983 жылы үйленді. 

         Торғай облысының әр түрлі лауазымдарында жұмыс істеген соң, ол 1992 жылы туған өлкесіне оралды және БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласының 10-шы өрт сөндіру бөліміне басшылық етті.  БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қ. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет жасағының бастығы қызметіне дейін көтерілді. 1997 жылы 2 қыркүйекте еңбек сіңірген жылдары бойынша құрметті демалысқа шықты.

         1986 жылы "ХІ бесжылдық жас гвардеец" ДЛКСМ ОК белгісімен марапатталды. 1987 жылы ҚазКСР ІІМ министрі Ішкі қызмет генерал-лейтенанты Г. Князевтен "Үздік қызметі үшін" медалімен марапатталды.  Осы жылы шілде айында ол кісі өмірден озды, бірақ ол туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі қалады!

          Нұржанов Талгат Бакытжановичтың  тарихы сонау 1988 жылы, бөлім командирі болып қызметтік шығармашылығын бастаған кезден-ақ  жалғасын тапты. 1991 жылы Алматы қаласы өрт-техникалық оқу орынын бітіріп,  қарауыл бастығы қызметін екі жылдай атқарды, өз қызметін адал атқара, сол аумақтың 8-өрт сөндіру бөлімінің бастығы қызметіне дейін көтерілді. 2005 жылы зейнеткерліккке шықты. Талғат Бақытжанұлы өз ісіне бей-жай қарамай, жұмысына қызығушылықпен қарайтын, өмірлік позициясы белсенді және шексіз энергиялы тұлға.

Дүйсенгалиев Қасқырғали Иманғалиевич 1989 жылдан бастап Бөрлі ауданы Ішкі істер бөлімінің мемлекеттік өрт бақылау бөлімде қызметін бастады.

  ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» І, ІІ, III дәрежелі ведомствалық медальдарымен марапатталған.

1996-2006 жылдары Бөрлі ауданы 8-өрт сөндіру бөлімін басқарды. Өз саласында Бөрлі ауданының өрт сөндіру мен апаттық-құтқару жұмыстарын үздік атқарған.  Ол  қызығы мен шыжығы мол істің және өзінің бай тәжірибесін болашақ ұрпаққа  ұсына білді. 

Миндеев Жұмағали Туляугулович 1988 жылдан бастап Бөрлі ауданы ішкі істер бөлімінің мемлекеттік өрт бақылау бөлімде қызметін бастады. 2005 жылы Бөрлі ауданының әкімінің «Үздік басшысы» грамотасымен марапатталған.

  ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» І, ІІ, III дәрежелі ведомствалық медальдарымен марапатталған.

2008-2012 жылдары Бөрлі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімін басқарды, «Бөрлі ауданының 75 жылдық мерейтойына» медалімен марапатталды.

Осы ардагерлердің жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігі кейінгі ұрпаққа кәсіби бағдар мен мол тәжірибе үлгісі боп қалмақ.