Батыс өңірінің күш құрылымдары арасындағы турнир

Батыс өңірінің күш құрылымдары арасындағы турнир

Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай, өңірдегі күштік құрылым қызметкерлері арасында турнир өтті.

Бәсі биік бәсеке «JAYIQ ARENA» спорт кешенінде ұйымдастырылды.

Аталған шараға 100-ден аса спортшыдан құрылған 8 команда атсалысты.

Қатысушылар қоян-қолтық ұрысы, гір тасын көтеру және қол күресінен бақ сынады.

Турнур тартысты өтіп, спортшылардың тыңғылықты дайындықпен келгені байқалды.

Мұндай шаралар денсаулықты нығайтып қана қоймай, ұжымның ауызбіршілігін арттыруға сеп болмақ.

Турнир қорытындылары бойынша І орында полиция департаменті, ІІ орынды төтенше жағдайлар департаменті иеленсе, ІІІ орынға шекара қызметі департаменті тұрақтады.