Жылыту маусымындағы қауіпсіздік

Жылыту маусымындағы қауіпсіздік

Жылыту маусымында пеш, газ қазандығы немесе басқа жылытқыш құралдарды қолданғанда қауіп арта түседі. Ең үлкен қауіптердің бірі – иіс газы (CO). Ол түссіз, иіссіз болғандықтан адамға байқалмай әсер етеді. Азғантай мөлшердің өзі улануға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

 

Неліктен иіс газы қауіпті?

  • Жану толық болмаған кезде (пеш дұрыс тартпаса, мұржа бітелсе) бөлмеге таралады.
  • Бөлмеде желдету жеткіліксіз болса, газ жиналып қалады.
  • Уланудың алғашқы белгілері: бас ауруы, әлсіздік, жүрек айну.

 

Датчиктің пайдасы

Иіс газы датчигі – қарапайым әрі тиімді шешім. Ол:

  • ауаны үнемі бақылап отырады;
  • қауіпті деңгейде дыбыс шығарып ескертеді;
  • орнатуға жеңіл, батареямен де жұмыс істейді;
  • адам өмірін сақтап қалады.

 

Қауіпсіздік ережелері

  1. Әр үйде, әсіресе жылыту құралдарының жанында иіс газы датчигі болуы керек.
  2. Жылыту маусымы басталар алдында пеш пен мұржаны тексертіңіз.
  3. Үйде желдету арналарын ашық ұстаңыз.
  4. Датчик дабыл қақса – дереу терезені ашып, үйден шығып, «101» нөміріне хабарласыңыз.