Сауда үйлері – адамдар көп жиналатын нысандар, сондықтан мұндағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды. Өрттің кез-келген жағдайы айтарлықтай материалдық шығынға әкелуі мүмкін, сондай-ақ, келушілер мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Өрттің негізгі себептері:
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
- ғимараттарды автоматты өрт дабылымен және түтін шығару жүйесімен жабдықтау;
- өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіргіштер, өрт крандары) жеткіліктілігі мен жарамдылығын қамтамасыз ету;
- эвакуациялық шығу жолдары мен дәліздердің үнемі ашық және жұмысқа жарамды болуын қадағалау;
- қызметкерлерді өрт кезіндегі іс-қимылдарға үйретіп, жүйелі түрде оқу-жаттығулар өткізу;
- тауарларды сақтау тәртібін қатаң сақтау, өту жолдарын бөгемеу;
- эвакуация жоспарларын және төтенше қызметтердің телефондарын көрнекі жерлерге орналастыру қажет.
Бұл талаптарды сақтау өрттің алдын алу және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.